«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Лозовое ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Лозовое отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Лозовое орта мектебіндегі 2018-2019 оқу жылындағы 1 жартыжылдық бойынша жүргізілген тәрбие жұмысының есебі

01.02.2019

Лозовое орта мектебіндегі 2018-2019 оқу жылындағы 1 жартыжылдық бойынша жүргізілген тәрбие жұмысының есебі

Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие.
Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

Оқу жылының басында  яғни , тамыз ,қыркүйек айларында «Мектепке  жол» акциясы  айлығы өтті. Оқушылардың мектепке деген  дайындықтарын тексере отырып жағдайы төмен отбасылардағы оқушыларға мектепке деген қажетті заттарын мұғалімдер қолдарынан келгенше өз көмектерін көрсетті. Сонымен қатар 1 сынып оқушыларына мектеп құралдарымен қамтамасыз еттік. 1 қыркүйек  күні Білім күнінде «Мен өз Отанымның азаматымын» атты салтанатты жиын болды. Жиыннан  кейін осы тақырыпта әр сыныптарда  тәрбие сағаттары өткізілді. Қыркүйек айы мен қазан айларында ата-аналар үшін республикалық жиналыс жүргізілді. Бұл жиналыста ата аналардың міндеттері мен интернет жайында тағы да басқа мәселелер айтылып ата-аналарға видеороликтер көрсетілді. Құқық мұғалімдерінің жүргізуімен «Адамның құқықтық мәдениеті» және  7 – 9 сыныптар арасында «Заңды білген жөн екен» деген тақырыпта әңгіме жүргізілді. Тәлімгермен бірлесе отырып оқушыларға бала конвенциясының баптарымен таныстырылды. Осы бірінші тоқсан бойынша  оқушылардың сабаққа келуін қадағалай отырып әр  аптаның соңында қорытынды шығарылып отырды.

 Екінші  тоқсан басталған уақытында лейтенант Данияров Р.Б- пен  кездесу өтті. Сол кездесуде оқушылар сұрақтар қойды. Өз құқықтары жайында, оны қалай қорғау керектігі жайында білді.  Содан кейін оқушылардың құқық туралы білімдерін тексеру үшін , не ұғынғандарын білу үшін тәрбие ісінің меңгерушісі мен тәлімгер «Құқық туралы не білем» тақырыбында сауалнама алды. Сауалнаманың нәтижесінде құқық жайында оқушылардың біраз мәлімет алғандығы анық білінді. Бастауыш сыныптар мен ортаңғы буындағы сыныптар арасында «Қазақстандағы жол жүру ережесі» бойынша сайыс жүргізілді. Бұл сайыста оқушылар өз деңгейлерін жоғары көрсетті. Аудандық Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша «Менің кіші Отаным» байқауында «Кіші Отанымның символы» бөлімінде Кошкумбаева С. 2 жүлделі орынды иеленсе , «Менің кішкентай Отанымның тарихы» бөлімінде 2 жүлделі орынды Шалдықова К. Қазақстанның тұңғыш Президент күніне орай жоспармен бірнеше жұмыстар атқарылды.Сол сияқты 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай мектепте жоспар құрылып сол жоспар бойынша бірнеше мерекелер жүргізілді. Тәуелсіздік мерекесіне орай оқушылар патриоттық әндер айтып концерт қойды. Сонымен қатар еліміздің мақтаныштары ретінде қаламыздың әдемі ғимараттарының макетін құрастырды, сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді. Оқушыларды ЖасҰлан мен ЖасҚыран қатарына қабылдады тәлімгер.

 

 

 

Мектеп директоры :                          Курмашев А.Д

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                        Молдрахметова К.К

 

Просмотров: 375


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст