Текст
«Дарынды балаларға -талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде мектеп тәлімгері II орынға ие болып, Республикалық кезеңге жолдама алды. Республикалық кезең Алматы қаласында 1-3 наурыз аралығында өткізілді.Бұл олимпиадада Улпан Жанатовна балалар ұйымының іс-шаралар бағдарламасын көрсетіп, өз баяндамасын жасады. Республикалық байқауда қазылар алқасының қорытындысы бойынша жүлделі III орынға ие болды. Педагогикалық олимпиада аяқталғаннан кейін Лозовое ауылы мектебінің ұжымы оны мектептің кіреберісінде салтанатты түрде қарсы алды.